"Ақмола обласы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Амангелді ауылының негізгі орта мектебі" КММ
КГУ "Основная средняя школа села Амангельды отдел образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Мы в соц. сетях

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Құтты болсын, Әз Наурыз!»

17.04.2023

Білім ошағымызда Наурыз мейрамы кең көлемде тойланды.
Мейрамды тойлауға ауыл тұрғындары, мектептің қамқоршылық ұйымы, ата- аналар комитетінің төрайымы , мектеп ұжымы , оқушылар түгел ат салысты.
Оқушылардың, мектеп ұжымының ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама болды. Концертте ән салынып, өлең оқылып, би биленіп, көріністер қойылды.
Дастархан жайылып , ұлттық тағамдар дайындалып, наурыз көже ішіліп , үлкен кіші жиналып , жақсы көңіл күймен үлкендердің тілек баталары тыңдалып, әже , апаларымыз шашу шашты.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Ш.Карпыкбаевтың ұйымдастыруымен күрес, қол күрес, гір көтеру, жілік сындыру, арқан тарту сияқты ұлттық спорттық ойындар ойналды. Арнайы Көкшетау қаласынан келген мектебіміздің түлегі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Патиев Беслан асық ату ойынын ұйымдастырды. Патиев Беслан осы спорттық ойындарға төреші болып, әділ бағасын берді.
Жеңімпаздар мектептің қамқоршылық кеңесі мен ата -аналар комитетінің төрайымы Ибраева А. М. ұйымдастырып дайындаған медаль ( 1 орын- алтын, 2 орын - күміс, 3 орын- қола) , грамоталармен марапатталды.
#наурызмейрамы

Просмотров: 642


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст