"Ақмола обласы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Амангелді ауылының негізгі орта мектебі" КММ
КГУ "Основная средняя школа села Амангельды отдел образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Мы в соц. сетях

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепішілік «Үздік педагог -2018» конкурсы туралы

12.01.2018

Аудандық  «Үздік педагог -2018» конкурсына қатысатын мұғалімді анықтау мақсатында мектепішілік «Үздік педагог

-2018»  конкурсы оқу ісінің меңгерушісі С.А.Ибраеваның басшылығымен  желтоқсанның 25-де өткізілді. Конкурсқа

1.тарих пәнінің  мұғалімі Н.Серік

2. қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Е.Жұмабекова

3. бастауыш сынып мұғалімі Р.Т.Қарпықбаева

4. ағылшын тілі мұғалімі Х.И. Абенова

5. география пәнінің мұғалімі А.Қ. Абдрақышова

6. орыс тілі пәнінің мұғалімі З.Т.Ахмет

7. дене шынықтыру мұғалімі А.Ш.Қарпықбаев қатысты.

        Конкурс нәтижесін анықтау үшін әділқазылар алқасы құрылды. Олар: Оқу ісінің меңгерушісі Ибраева С.А., бастауыш сынып мұғалімі Мухитдинова С.А.,кәсіподақ комитетінің төрағасы Жұмабекова М.Е.

        Конкурс үш бөлімнен тұрды. Ең әуелі мұғалімдер өздері туралы презентация жасады , «Менің педагогикалық

ұстанымым» атты тақырыпта өздерінің оқу әдістемелерімен бөлісті.

       Екінші бөлімде әр мұғалім өз пәні бойынша ашық сабақ өткізді. Қазақ әдебиеті  9-сынып «Шал киіз жырауы», 8-сынып тарих сабағы бойынша «Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы- халық азаттық көтеріліс», 1-сыныпта «Сауат ашу», дене шынықтыру 2-сынып «Акробатикалық жаттығулар», география 9-сынып «Шаруашылықтың құрамы мен құрылымы», орыс тілі «Кем быть?» 5-сынып, ағылшын тілі 7-сынып «Space and Earth». Сабақтар талданып, әділқазылар алқасы оларға өз бағаларын берді.

  Үшінші бөлімде  өз пәндері бойынша әртүрлі сұрақтарға жауап беріп, жағдаяттарды шешті.

    Жеңіске тарих пәнінің мұғалімі Н.Серік жетіп, аудандық конкурсқа жолдама алды.

  

Просмотров: 353


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст