2018 жылдың 2 ақпан мен 12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану:«Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбында жоспарға сәйкес іс-шаралар, байқаулар мен ашық сабақтар өткізілді «Өзін-өзі
тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы онкүндік салтанатты түрде 2 ақпан күні ашық деп жарияланды.
5-10 сыныптар арлығында «Ән көңілдің ажары» атты ән фестивалін өзін-өзі тану пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткізілді, оқушылар жеке және сыныппен ән шырқады.Іс-шара соңында әділ қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталды. «Ана», «Бейбітшілік», «Достық», «Мейірімділік» тақырыбында сурет және қолөнер көрмесі болып өтті.
Өзін-өзі тану пәні адамның өз мүмкіндіктерін ашуға, өз қабілеттерінің дамуына ықпал етеді. Оқушылар өз өмірінің әр сәтін өзін-өзі тануға арнаса, өзін, өзгелерді және қоршаған ортаны сүйе білуге үйренеді.
Олардың өмірге деген құштарлығы артады.
Оқушылар арасында «Ән- көңілдің ажары» атты әндік байқаулар өткізілді. Оқушылар ән байқаулыарына белсене ат салысып, барлық өнерлерін ортаға салды.
Оқушылар арасында «Ізгі тілек жолдаймыз» атты ашық хаттар топтамалары ұйымдастырылды.Оқушылар
бір-біріне ізгі тілектер тілеп, хаттар жолдады.