"Ақмола обласы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Амангелді ауылының негізгі орта мектебі" КММ
КГУ "Основная средняя школа села Амангельды отдел образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Мы в соц. сетях

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өзін-өзі тану 10 күндік

16.02.2018

Аманкелді негізгі мектебінің өзінөзі тану пәні бойынша

«Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің есебі

Аманкелді негізгі мектебінде «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»

онкүндігі аясында жоспар құрылып, жоспар бойынша іс-шаралар жүргізілді. 1 ақпан

күнімектеп директоры Серік Н қатысуымен 

мектепшілік салтанатты жиналыс ашылып аталмыш шараның ашылу жиналысы

болып өтті. 2 ақпан күні мектеп кітапханашысы Қадрхан Жайнагүлдің

ұйымдастыруымен 12 оқушының қатысуымен «Мейірімділік нұры» атты кітап көрмесі

ұйымдастырылып, балаларға адамгершілік, кішпейілділік туралы әңгімелесу сағаты

болып өтті. Ал, 5 ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ибраева

С.А. 5-7 сыныптар арасында «Адамгершілікке толы жүрек» атты шығарма жазу сайысы

өткізіліп, оқушылардың тақырып бойынша түсініктері тыңдалды. 6 ақпан күні

Жумабекова А.Е. жоғары сыныптар арасында «Бейбітшілік, достық-елі» атты сурет

көрмесін ұйымдастырды. 7 ақпан күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қарпықбаев

А.Ш. «Достық-бірліктің кепілі» атты алуан түрлі спорттық сайыстар алып

барылды.  Ақпанның 8 жұлдызы Орыс тілі

мен әдебиеті пәнінің мұғалімі АхметЗ.Т. және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Абенова Х.И. «Бейбітшілік,достық –мақтанышым» ағылшын,орыс тілдерінде шығарма

жазу сайысы алып барылды. 9 ақпан күні бүкіл Қазақстан мектептерінде жалпылық

сынып сағатын «Мейрімділік-асыл қасиет» тақырыппен өзін өзі тану пәнінің

мұғалімі Абдракышова А.К. мен Қарпықбаева Р.Т. жоғары сынып және бастауыш

сыныптар арасында өткізді. 12 ақпанда осы онкүндіктің қортындысы жасалып

«Мейрімділік басы анадан» тақырыбында ана туралы шығармаларды мәнерлеп оқу

жарысын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалі Ибраева С.А. өткізіп

жеңімпаздарды марапаттады.

 

Өзін өзі тану пәнінің мұғалімі

Абдракышова А.К.

 

Просмотров: 918


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст